Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-3 құрылысына қатысты пікір білдірді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша мердігерге қатаң талаптар қойылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЖЭО-3 бойынша жұмысты мердігерден талап етіп отырымыз. Қала аумағында құрылыс қарқынды өсіп жатыр, сондықтан бұл үйлердің барлығын жылумен қамтамасыз ету міндеті тұр. 10 жылдан астам уақыт бойы ЖЭО-3 құрылысы бітпей жатыр. Осы орайда мердігер жұмысын аяғына дейін жеткізбесе, олар сотта жауап беретін болады», - деді А. Көлгінов қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстарға бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Енді жұмысты дұрыс ұйымдастыру керек.

«Мердігер жұмысты жандандыруға уәде берді. Атап айтқанда, мердігерлердің көбісі өздеріне жүктелген сенімге жауапкершілікпен қарамайды. Бұл тұрғыда қоғамдық қадағалау жұмыстарына, оның ішінде ЖЭО-3 құрылысын қадағалауға мәслихат депутаттарының да қатысуы дұрыс болар еді. Жаңа ғимарттарды уақытылы жылумен қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3 құрылысын аяқтау керек», - деді қала әкімі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, құрылысы 10 жылға созылған астанадағы ЖЭО-3 биыл іске қосылмақ .


Соңғы жаңалықтар