Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала көшелерін су басу мәселесін шешпек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов жауын-шашын кездері қала көшелерін су басу мәселесімен айналысып жатқанын айтты. Бұл туралы елорда басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгінгі жауын-шашын салдарынан қаланың кейбір көшелерін су басып, жауын суы, канализациясының жоқтығы өзекті мәселе екенін тағы бір көрсетті.

Бұл мәселені жүйелі шешу үшін тиісті жоба жасақталуда.
Әсіресе Б.Момышұлы, А.Иманов көшелері мен Тұран даңғылына су көп жиналатындықтан, жұмыстарды осы орындардан бастайтын боламыз»,-деп жазады А.Көлгінов.

Сонымен қатар ол қаланың тағы бірқатар орындарындағы осы проблемаларды шешу мақсатында жасалып жатқан жобалық-сметалық құжаттамалар аяқталуға жақын екендігін айтты.

Соңғы жаңалықтар