Елорда әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» кезектің неліктен артқа жылжығанын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ 2018 жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорын түгендеу барысында кезекте тұру негізі жойылған 5 287 адамды анықтады және тізімнен алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптеген азаматтар өз кезектіліктерінің қарқынды түрде алға жылжығанын байқаған болар. Алайда, кейбір азаматтар өз кезегінің 1-2 орынға кері қарай жылжығанын айтып шағымдануда. Бұл жағдай кезектен алынып тасталған бірқатар адамның келіспеушілік танытып, сотқа шағымдануна байланысты болып отыр. Соңғы бес жылда тұруға жарамды тұрғын үйден азаматтарды иеліктен шығару фактілеріне қарамастан, сот әкімдікті азаматтарды кезектілік орындарына қоюға міндеттейді. Сондықтан заңды күшіне енген сот шешімі негізінде әкімдік кезектіліктен шығарылғандарды тізімдегі бұрынғы орнына қайтарады. Осыған байланысты одан кейін тұрған азаматтар кезекте артқа қарайды жылжиды», - деп түсіндірді елорда әкімдігінің Тұрғын үй қоры.

Бұл ретте мамандар кезек бойынша сұрақтар туындаса, «Тұрғын үй қоры» КММ-ге хабарласуды өтінді. Сәйкесінше, онда әрбір адамға кезектің жылжуы мән-жайына түсінік беріледі.

Соңғы жаңалықтар