Елорда әкімдігінің алдындағы алаңда сквер ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық алаңда сквер ашылады. Қазір ағаш отырғызу басталып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бейбітшілік көшесінің бойында, сондай-ақ Абай көшесіне жақын орналасқан тұсқа жөке ағашын отырғызу басталды. Күзде 770,3 текше метр алаңға 200-ге жуық ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ландшаф аралдар жасалады, онда көпжылдық бұта мен гүл егіледі.

Алаң аумағын көгалдандырумен қатар, оның басқа бөлігінде (Sine Tempore сауда орталығына қарама-қарсы) субұрқақ кешені мен амфитеатр салынып жатыр. Мұнда аркалы субұрқақ орнату жоспарланған. Оның дизайнында судан оттегіні алып тастайтын арнайы саңылаулар қолданылады, нәтижесінде су мөлдір болады.

Түнгі уақытта жарық қосылып, одан әсерлі болады. Бұл алаңда тұманды бұлт шығаратын субұрқақ арт-нысаны да орналасады. Оның айналасына құрғақ субұрқақ салу жоспарлануда.

«Бос жерлер мен қараусыз қалған учаскелерде жайлы саябақтар мен қоғамдық кеңістік ашылуы мүмкін, онда қала тұрғындары субұрқақтың жанында сая тауып, ағаш көлеңкесінде демалды. Мұны біз қаладағы ашылатын тартымды орындардан, емен аллеясынан, серуендеу саябақтарынан байқауға болады. Ыңғайлы қалалық орта адамды жақсы жаққа өзгертеді. Мысалы, кез-келген жерге қоқыс тастауға болмайды Қолайлы әрі әдемі жерде адамның көңіл-күйі көтеріледі. Мұндай жұмыс барлық ауданда орталықтандыру қағидаты бойынша жүргізіледі», – деді Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранқаев.

Осылайша, қаланың ескі орталығындағы алаң тартымды және серуендеу орынының біріне айналады. Бұған дейін қалалық урбанистика орталығы хабарлағандай, алаң тарихи орталықтағы барлық жаяу жүргінші көшелерін байланыстырады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл «Жастар» сарайынан бастап жас көрерменнің музыкалық театрына дейінгі «Театральный» жаяу жүргіншілер желекжолы, сондай-ақ Әзірбайжан Мәмбетов көшесіндегі «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер желекжолы толығымен ашылды.

Жұмыстар елорда әкімінің тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер жоспары аясында жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2020 жылы қалада 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақ, сквер, бульвар) абаттандырылды. Биыл 190 аула мен қоғамдық кеңістік салынады және жөнделеді.


Соңғы жаңалықтар