Елорда әкімдігіндегі қабылдауға 700-ге жуық адам келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында елорда әкімі Алтай Көлгінов, өзінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қабылдауға келген азаматтардың бір бөлігі жалға берілетін тұрғын үйге қатысты сұрақтар қойды. Қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғындар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді 5 жылдан кейін қайтарып беруге міндетті емес екендерін, пәтер шартын әр 5 жыл сайын ұзартып сол пәтерде тұра бере алатындарын айтты. (бұл қатарға жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй жатпайды).«Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйде тұрғындар 5 жыл сайын жалдау шартын ұзарта отырып, өмір бойы тұра алады. Сіз құжатта көрсеткен балаларыңыз тұрғын үй шартын өз атына қайта ресімдеуге құқылы. Сонымен қатар пәтер шартын ұзартып қана пәтерде тұруға құқылысыз», - деді А. Көлгінов.Сондай-ақ, қабылдауға жазылған азаматтар арнайы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, балаларды балабақшаға кезекке қою, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, үлестік құрылыс мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Әр сауал бойынша жұмыс жүргізіледі.4 ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов 600-ге жуық адамды қабылдады. Сұрақтардың басым бөлігі шешілді.

Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау жүйелі түрде аудан әкімдіктерінде орналасқан open akimat, қалалық әкімдікте өтеді. Ал iQala бірыңғай қалалық қызмет көрсету орталығының алаңында қала әкімі кәсіпкерлерді қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар