+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елорда әкімдігінде парақорлықпен күрес мәселесі талқыланды

2019 жылғы 10 желтоқсан 11:20
Бөлісіңіз:
Елорда әкімдігінде парақорлықпен күрес мәселесі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінде қала басшысы Алтай Көлгіновтің басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл астанада проблемалы екі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады Алматыда жемқорлық фактісі туралы хабарлаған 8 адамға сыйақы берілді Елордада тағы бір кәсіпорын маска шығара бастады

Шараның негізгі бағыты – жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерді түсіндіру. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Толықтырулар басшылардың жауапкершілігін белгілеу туралы норманы қамтиды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өз сөзінде заңнаманы мүлтіксіз сақтау және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау қажеттігін атап өтті. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Төлебаев өз қызметтерінің негізгі бағыты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Бұл тұрғыда агенттік пен елорда әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» бірлескен жобасы үлгі болып табылады.

Ал департаменттің арнайы мониторинг тобының мүшесі Марат Сатарқұлов қатысушыларға «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» аясында қоғамдық мониторингті жүзеге асыру қорытындылары туралы айтып берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT