Елорда әкімдігі жылы аялдамалар санын көбейтуді жоспарлап отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі жылы аялдамалар санын көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін қаладағы жылы аялдамалардың бірқатарына бардым. Жылуы жоқ аялдамалар анықталады. Соның бірі – Республика даңғылымен қиылысатын Сейфуллин көшесіндегі »Жастар сарайы« аялдамасы. Қала бойынша осындай аялдамаларды тексеріп шығу аудан әкімдеріне тапсырылды.Жылуы істемей тұрған аялдамаларды байқап жатсаңыздар нақты орналасқан жерін айтуларыңызды сұраймын»,-деп жазды елорда әкімі.

Сонымен қатар ол қала тұрғындарына жайлы болуы үшін жылы аялдамаларды көбірек салуды жоспарлап отырғандарын айтты.

Фото: weproject.media

Соңғы жаңалықтар