Елорда әкімдігі жол жөндеуге қосымша 32 млрд теңге сұрап отыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жол салу және жөндеу жұмысына бюджеттен қосымша 32 млрд теңге қажет етіп отыр. Бұл туралы қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз биыл қосымша 25,5 млрд теңге қаржыға өтінім білдірдік. Қаржы министрлігі аталған соманы мақұлдады және оны маусымның басында аламыз деп отырмыз. 25,5 млрд теңгенің 5 млрд-ы Алматы ауданына қарасты тұрғын үй алқаптарының инфрақұрылымына жұмсалмақ. Одан бөлек, жергіліктен бюджеттен 32 млрд теңге керек. Осы орайда, сіздердің қолдауларыңызды сұраймыз. Қалада жол-көлік қозғалысы жыл санап артып келеді, сәйкесінше жөндеу және жаңа жолдар салу қажет», - деді Жансұлтан Сапарбаев қалалық мәслихат отырысында.

Сондай-ақ, басқарма басшысы жол белгілерін орнату үшін 400 млн теңге қаржы қажеттігін жеткізді.

«Жолаушыларды тасымалдау саласын субсидиялауға 15,8 млрд теңге керек. Сонымен қатар, 3,9 млрд теңге жол қозғалысы инфрақұрылымын қайта жөндеу үшін қажет. Оның ішінде ақылды жүйені енгізу және 57 жаңа бағдаршам салу жоспарланып отыр», - дейді ол.

Бұған дейін елордада 2 көпір салынатыны туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар