+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Елорда әкімдігі Вячеслав Дружинин туралы ақпарат берді

2021 жылғы 12 сәуір 21:08
Бөлісіңіз:
Елорда әкімдігі Вячеслав Дружинин туралы ақпарат берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ерекше қажеттілігі бар кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған Вячеслав Дружининге қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада 7 және 9 мамыр күндері өтетін мерекелік іс-шаралар кестесі жарияланды Елорда: Есіл өзенінде теплоходпен серуендеу қашан басталады

Бұған дейін В. Дружинин әлеуметтік желіде әйелі қайтыс болғанын, баспанасыз қалғанын айтып көмек сұраған еді.

«В. Дружининнің кәмелетке толмаған ұлы, қажет медициналық көмекті толық көлемде алып отыр. Қазіргі уақытта бала №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында емделуде. Ауруханадан шыққаннан кейін медициналық тексеріс нәтижесіне сәйкес, баланың қай оңалту орталығында одан әрі ем алатыны белгілі болады», - деп жауап берген әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің хабарлауынша, Вячеслав Дружинин ай сайын 125 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы алады.

«Қала әкімдігі балаға қажет заңмен белгіленген медициналық және әлеуметтік көмекті толыққанды көрсетіп отыр. Отбасының тұрғын үй мәселесі тек заң аясында шешіледі», - деп түсіндірді әкімдік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT