+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Елорда әкімдігі тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді

2019 жылғы 18 қазан 18:47
Бөлісіңіз:
Елорда әкімдігі тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана әкімдігі отбасы құндылықтарын сақтауға, үйде әйелдер мен балалардың құқықтарына құрметпен қарауға жұртшылық назарын аударуға арналған бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында 1,5 мың жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды Биыл «Волонтерлік туралы» заң жобасы әзірленеді Атырау облысында жаңа заң бойынша жеті жүргізуші көлік жүргізу куәлігінен айырылды

Бейбіт митинг өткізу туралы ақпаратты астананың азаматтық белсенділерінің бірі Анара Битебаева Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

«Біздің, астананың азаматтық белсенділері, 6 қазанда болған жағдайға қатты алаңдап отырмыз. Ер адам үйдегі жанжал кезінде әйелін көзден таса жерге апарып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген еді. Күйік шалған әйел ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелді қатты күйік шалған. Бұдан тыс, оның бұғанасы да сынған. Қазір әйел Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында емделіп жатыр.

Бұл мәселеге бүкіл қоғам атсалысуы керек. Соңғы кездері әйелдерге, балаларға, қарттарға қарсы қылмыстар жаппай етек алып барады. Қылмыс атаулыны болдырмау үшін оның алдын алу қажет. Ал профилактикамен бүкіл қоғам айналысуы керек. Егер қоғам осындай қылмысқа қарсы бірікпесе, ол тоқтамайды.

Бейбіт митингінің мақсаты отбасы құндылықтарын сақтауға, адамдардың бір-бірін құрметтеу дәстүрін дәріптеуге, әйелдер мен балалардың құқықтарын сақтауға қоғамның назарын аудару», - деп жазды Анара Битебаева.

Белсенділер әйелдерге, қарттарға және балаларға күш қолданған қылмыстардың әділ тергелуін талап етіп жатыр.

Айта кетейік, қоғам қайраткерлері «Зорлықсыз Қазақстан» бағдарламасын әзірлеп, тиянақты іске асыру бастамасын көтерген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Заң,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT