Елорда әкімдігі оқушыларға 35 мың компьютер сатып алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы мектептерге қанша компьютер сатып алынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Компьютерлер бойынша тиісті мәселе бар. Қашықтан оқытуды ескере отырып, компьютер сатып алуға мүмкіндігі жоқ отбасыларды қамтып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Үкімет тарапынан қаржы бөлінді. Қаржының тиісті сомасы бізге де бағытталды. Компьютер сатып алуға жергілікті әрі республикалық бюджеттен 6 млрд теңге бөлдік», - деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында.

Осы орайда ол 35 мыңға жуық компьютер алуға бағытталғанын айтты.

«Осы компьютерлерді бірінші кезекте жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар жеткіншектер, жағдайы жоқ отбасылар мен көпбалалы отбасылар алады. Біз компьютерлерді қашықтан оқыту кезеңіне мемлекет есебінен ұсынамыз. Қазіргі кезде өтінімдер келіп түсуде. Егер отбасында 5 баладан артық болса, онда екі компьютер береміз. Сонымен қатар роутерлер де бар, 23 мыңға жуық. Осы арқылы интернет жылдамдығын жоғарылату мүмкіндігі болады», - деді Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар