Елорда әкімдігі мемлекет мұқтаждығы үшін 778 млн теңгеге 50 жер учаскесін сатып алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі мемлекет мұқтаждығы үшін 778 млн теңгеге 50 жер учаскесін сатып алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 778 млн теңге сомасына жалпы ауданы 0,93 гектар 9 нысан бойынша 50 жер учаскесін сатып алу жөніндегі шарттың жобасын ұсынады. Жер учаскелерін сатып алу келесі құрылыс нысандары бойынша жүзеге асады. Бірінші учаске Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голь көшесі қиылысында орналасқан. Бұл жерге паркингі бар көппәтерлік тұрғын үй салынады. Екіншісі - Шарль де Голь мен А.Тоқпанов көшесі қиылысындағы жер учаскесі. Үшіншісі - паркингі бар көппәтерлік тұрғын үй құрылысына Қосшығұлұлы мен Жамбыл көшелері қиылысындағы учаске. Төртіншісі – паркингі бар көппәтерлік тұрғын үй құрылысына Күмісбеков пен Қосшығұлұлы көшелері қиылысындағы учаске», - деді Әнуар Саипов Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Оның дерегінше, бесінші учаске Ы.Дүкенұлы көшесін Ш.Уәлихановтан Ш.Жиенқұлов көшесіне дейін жол салу үшін алынады. Алтыншы Ш.Айманов көшесіндегі 3-үй маңын абаттандыру үшін қажетті жер учаскесі. Жетінші учаске Ағадыр мен Игілік көшелері қиылсын абаттандыру үшін қажет. А.Иманов пен Егемен Қазақстан көшелері қиылысындағы сегізінші жер учаскесіне мектеп салынады. Тоғызыншы жер учаскесі Өндіріс тұрғын үй алабында орналасқан. Ол жерге де мектеп салу көзделіп отыр.

«Барлық жер учаскелерінің меншік иелері ұсынылған өтемақы сомасымен таныстырылды. Жазбаша келісімдері бар», - деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар