+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елорда әкімдігі мектепте демалу бөлмесін жасаған директорларды сынға алды

2019 жылғы 13 қараша 19:11
Бөлісіңіз:
Елорда әкімдігі мектепте демалу бөлмесін жасаған директорларды сынға алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мемлекеттік жалпы білім беру мекемелеріндегі бос аумақтарды оңтайландыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 109 мектеп жұмыс істейді, оның 88-і жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер. Ережеге сәйкес, мектеп директоры кабинетінің аумағы 32 шаршы метр болуы тиіс. Алайда, кей мектептерді тексергенде, бұл нормативті екі есеге асырып жібергені белгілі болды. Үш мектепке арнайы комиссия барып, осы фактілерді анықтады. Одан бөлек, басшылар ауқымды орын алатын демалу бөлмесі мен жеке дәретхана жасап қойған», - деді Б. Мәкен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен қала әкімі Алтай Көлгіновтың кездесуінде.

Спикер елордада халықтың жылдан-жылға артып, білім беру мекемелерінде орын жетпей жатқанын атап өтті.

«Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, директорлар кабинеті 20 шаршы метрден аспайды. Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде 20 шаршы метр, Америка Құрама Штаттарында – 15 шаршы метрден аспайды. Осыған байланысты, барлық жалпы білім беретін мемлекеттік мектептердің бос аумақтарын оңтайландыру қажеттігі туындайды. Босаған орындар оқушыларға қолайлырақ жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деді әкімнің орынбасары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT