Елорда әкімдігі Қарттар күніне дайындалып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қазан - Қарттар күні. Нұр-Сұлтан қаласында бұл күннің қалай өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын бұл мерекеде жасы келген зейнеткерлерге бір реттік төлем жүзеге асырылады, биыл оның көлемі - 6313 теңге (2,5 АЕК). Ең төменгі көлемде зейнетақы алушылар бұл соманы ала алмайды, себебі әкімдік оны Конституция күніне орай берді.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасарының м.а. Илья Скубтың айтуынша, 1 қазанда аталып өтетін Халықаралық қарттар күніне орай 6313 теңге (2,5 АЕК) көлемінде бір реттік төлем беріледі. Ең төменгі көлемде зейнетақы алушылар бұл соманы ала алмайды, себебі әкімдік оны Конституция күніне орай берген болатын.

«Нұр-Сұлтан қаласында жасы бойынша 82 мың зейнеткер бар, оның 57-і ҰОС ардагері, оған теңестірілген тыл еңбеккерлері, 25 мың мүмкіндігі шектеулі жандар. Қаланың зейнеткерлері үшін тегін жолақы бар, сондай-ақ тісін протездеу қызметі көрсетіліп, олар санаторлық-курорттық емдеуге жіберіледі. Жасы бойынша зейнетақы алушылар жолдама құнының 35% төлейді, қалғанын мемлекет өтейді. Ал ең төменгі зейнетақы алушылар жолдама құнынын 25%, ал қалғанын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жабады. ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жолдама тегін», - деді ол.

Сонымен бірге, Қарттар күнінде «Астана» концерттік залында мерекелік музыкалық бағдарлама қойылады. Онда ардагерлердің шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді. Мерекеге орай фотокөрме, шығармашылық өнер экспозициясы, флешмоб, экскурсия ұйымдастырылады. Қала кәсіпорындары мерекеге орай 40 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар