+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Елорда әкімдігі қалада дезинфекция жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты

2020 жылғы 1 сәуір 16:42
Бөлісіңіз:
Елорда әкімдігі қалада дезинфекция жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада дезинфекция жұмыстарына 50-ден астам техника, оның ішінде 20 әскери техника, 200 роторлық және сорғы шашыратқыш жұмылдырылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда қалада коронавирус инфекциясына қарсы белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы халқының денсаулығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 20 наурызынан бастап қаланың барлық нысандарында, адам көп шоғырланатын жерлерде, сонымен қатар, тұрғын үй кешендері мен тұрғын алаптарында ауқымды дезинфекция жұмысы жүргізілуде», - деді ол.

Оның атап өтуінше, залалсыздандыру жұмыстары ҚР Қорғаныс министрлігі радиохимиялық және бактериологиялық әскерінің, қала әкімдігі мен дезинфекциялық жұмыстар жасайтын ұйымдардың күшімен күнделікті жүргізілуде. Дезинфекциялық шараларды жүргізуге 50-ден астам техника, оның ішінде 20 бірлік әскери техника, 200 бірлік роторлық және сорғы шашыратқыштары жұмылдырылды. Дезинфекция жұмыстарына күнделікті 470 дезинфектор-адам, соның ішінде ҚР Қорғаныс министрлігінен – 231 адам, дезинфекциялық жұмыстар жасайтын ұйымдардан 239 адам қатысуда. Күнделікті әскерилер күшімен 10 бағыт бойынша дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

«Қаланың барлық сауда орындарына іргелес жатқан аумақтарына, медициналық ұйымдарына, сауда орталықтарына, шағын сауда маркеттеріне, барлық өткізу бекеттеріне, мешіттерге, ауданаралық аумақтарға, үй кіреберістері мен лифтілерге күнделікті негізде БКС 5, дезостерил форте дезинфекциялаушы ерітінділерімен өңдеу жүргізіледі. Пайдаланылатын дезинфекциялаушы құралдардың микробтарға, вирустарға қарсы әсер ететін күші бар және емдеу-профилактикалық мекемелерді, коммуналдық қызмет нысандарын, тағам өндірісі мен қоғамдық тамақтану орындарын, сонымен қатар, сауда орындарын өңдеуге арналған және жануарлар мен адамдарға қауіпсіз»,- деді әкім орынбасары.

Алтынбек Қайсағалиевтің сөзіне қарағанда, бұл жұмыстарға дезинфекциялық құралдар сатып алынды, бүгінгі күні олардың қоры жеткілікті. 165 тонна дезқұрал - натрий гипохлорит сатып алынды. Сонымен қатар, Дезостерил Форте мен Дезостерил час+ дезқұралдары 270 литр көлемінде сатып алынды. Оларды араластыру кезінде 200 тоннадан астам дайын дезинфекциялық ерітінді алынады.

«Зарарсыздандыру жұмыстары аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1529 үй, оның ішінде 6375 кіреберіс және 1500 балалар мен спорт алаңдарында аталған жұмыстар атқарылды. Бұл өз кезегінде жалпы түрғын үйлердің 80 пайыздан астамын құрайды. Сонымен қатар, Қараөткел, Комсомольский, Шұбар, Заречный, Депгородок және Оңтүстік-шығыстың оң жақ бетіндегі жеке меншік үйлердің аумағы арнайы дезинфекциялық машиналарымен өңделді. Бұл жұмыстар кестеге сай арықарай жалғасады. Пайдаланылған қорғау құралдарын жинау және жою үшін арнайы экобокстар орнатылды», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT