Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.82 EUR 428.67
RUB 5.86 CNY 54.95
Jańalyqtar

Елорда әкімдігі кадр даярлауға арналған білім беру тапсырысы бойынша конкурс жариялады

2019 жылғы 17 шілде 20:24 249
Бөлісіңіз:
Елорда әкімдігі кадр даярлауға арналған білім беру тапсырысы бойынша конкурс жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 шілдеде елордалық ЖОО-да білім гранттарын орналастыру бойынша конкурс басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана әкімдігі 2019 жылға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына үміткер жоғары оқу орындарына келесі құжаттарды тапсыру қажет.

Құжаттар қатарында ЖОО-ның өтінімі, ЖОО сауалнамасы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар, жоғары оқу орнының ақпараттық картасы болуы тиіс.

Комиссия мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімді қарамайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 22-26 шілде аралығында қоса алғандағы мерзімде Бейбітшілік көшесіндегі 11 ғимаратта орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына тапсыру қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT