Елорда әкімдігі Ботаникалық бақтағы тоғанның таяздану себебін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары ботаникалық бақтағы жасанды су қоймасы деңгейінің төмендегенін байқады. Осыған орай қала әкімдігі аталған жайтқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күн сайын түнгі уақытта ботаникалық бақтағы су қоймасынан жасыл желектерді суару үшін су алынады. Таңертең су деңгейі қалыпты жағдайға келеді. Тоғандағы су көлемі азаймайды», - деп түсіндірді әкімдіктен редакция сауалына орай.

Әкімдік сондай-ақ коммуналдық қызметтер су айдыны мен оған іргелес аумақты санитарлық тазалау бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізіп отырғанына сендірді.

Астана ботаникалық бағы - бұл өсімдіктер дүниесін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер жүргізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.


Соңғы жаңалықтар