Елорда әкімдігі Арыста көз жұмған «Астана РЭК» қызметкерінің жақындарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Астана РЭК» АҚ компаниясының қызметкері Ермек Түйтібековтің туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Түркістан облысының Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін іссапармен жіберілген «Астана РЭК» АҚ компаниясының қызметкері Ермек Түйтібековтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. 8 тамыз күні «Арыс-Шымкент» тас жолында болған жол апатында рөлде отырған Ермек Төтөбеков ауыр жарақат алып көз жұмды», - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар