Елорда әкімдігі 18 қабатты үйде лифт «құлау» оқиғасына қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі 18 қабатты «Жайна» тұрғын үй кешенінде тұратын азаматтың лифт құлап кеткені жайлы жазған хабарламасына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Елорда тұрғыны Іnstagram желісіне 18 қабатты үйдің лифті құлап кеткенін жариялаған болатын.

Ол «Жайна» тұрғын үй кешеніндегі лифт бос күйде құлағаны туралы хабарлады.

«Болған жағдайға қатысты кім тексеру жұмыстарын жүргізеді? Бұл үйде балалы отбасылар тұрады. Біреу зардап шексе, кім жауап берер еді? Тұрғын үйдің пәтер иелері кооперативі дау-дамайды басу үшін лифтке қызмет көрсететін компанияны ауыстырып, жөндеу жұмысын тұрғындардың қаражатына жүргізгісі келеді», - деп жазған қала тұрғыны.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапасын басқару басқармасының мәліметінше,«Жайна» тұрғын үй кешеніндегі лифтке «Лифт мастер» компаниясы қызмет көрсетеді және осы үйдегі блоктардың біріндегі жүк лифтісінен ақау шыққан.

«Үй тұрғыны түсіріп алған OTIS маркалы лифт 25 қазан күні жөндеу жұмыстарын жасау мақсатында тоқтатылған. Лифт компаниясы оны жөндеу жұмыстарының құны 1,5 млн теңге деп бағалап, акт жасаған. Бұған көңілі толмаған тұрғын аталған жағдайға назар аударту мақсатында лифтінің құлап кеткені туралы жалған ақпарат жазған. Қазіргі уақытта қалған лифтілер қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапасын басқару басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар