Элизабет Тұрсынбаева Shanghai Trophy турнирінде «күміс» еншіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қытайда өтіп жатқан Figure Skating ISU Shanghai Trophy 2019 халықаралық турнирінде екінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы бүгінгі еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 116.85 ұпаймен үшінші орынан көрінді.

Халықаралық конькимен сырғанау одағы тіркеген ресми нәтижеде Э.Тұрсынбаева 186.09 ұпаймен жалпы есепте екінші орынға орналасты.

Айта кетейік, отандасымыз кешегі қысқа бағдарламада 69.24 ұпаймен екінші орынға жайғасқан болатын.

Соңғы жаңалықтар