Элизабет Тұрсынбаева қызылордада шеберлік сабағын өткізді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы «Мұз сарайы» спорт кешенінде белгілі мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жергілікті жас өрендерге шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыр өңірінің саңлағы бүгінгі күнге дейін 4 дүркін Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Сондай-ақ, биыл Оңтүстік Кореяда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап қайтты. Ол елімізде мәнерлеп сырғанау спортынан қыздар арасынан мұндай жоғары деңгейде сынға түсіп жүрген санаулы спортшының бірі саналады.

Шеберлік дәрісі барысында ол жас өрендерге мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын үйретті. Соңғы жылдарда Қызылордада да спорттың бұл түрі кеңінен қанат жайып келеді.

«Мен жас жеткіншектермен жүздесу барысында олардың аталмыш спортқа ынта-ықыласы жоғары екенін аңғардым. Олар келешекте халықаралық ареналарда Қазақстанды әлемге танытқысы келеді», - дейді ол.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап Элизабет халықаралық жарыстарға дайындығын бастайды. Келер жылы оны Ресейдің Красноярск қаласында өтетін қысқы универсиада ойындары мен Жапонияда алауы жағылатын әлем чемпионаты секілді дүбірлі додалар күтіп тұр. Қызылордалық спортшы мұндай жарыстарда тұңғыш рет бақ сынайды.

null 

Әділжан Үмбет

 
Соңғы жаңалықтар