Элизабет Тұрсынбаева қатысатын әлем чемпионатының жарыс кестесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан кезекті әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Дүбірлі додаға Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаева қатысып жатыр. Olympic.kz әлем біріншілігінің жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады. Жарыстың басталуы Астана уақытымен көрсетілген.

20 наурыз

07:30. Жұптық сын. Қысқа бағдарлама

12:05. Әйелдер. Қысқа бағдарлама

21 наурыз

07:30. Жұптық сын. Еркін бағдарлама

13:00. Ерлер. Қысқа бағдарлама

22 наурыз

09:00. Мұздағы би. Ритмикалық би.

14:30. Әйелдер. Еркін бағдарлама

23 наурыз

09:00. Мұздағы би. Еркін бағдарлама

14:30. Ерлер. Еркін бағдарлама

24 наурыз

12.00. Гала-концерт.

Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымда екі күміске қол жеткізді. Ол «Төрт құрлық турнирі» мен Универсиада ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар