Элизабет Тұрсынбаева гала-концертте көрсеткен өнерін Денис Тенге арнады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева Сайтамада өткен гала-концертте өз бағдарламасын Денис Теннің рухына арнады, деп жазады Olympic.kz.  

Элизабет мезгілсіз дүниеден өткен спортшыға арналған жан тебірентерлік бағдарламасын жанкүйерлер назарына ұсынды. 

Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматы қаласында өмірден өтті. Ол қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы алғаш рет әлем чемпионатының тұғырына көтерілген спортшы.

Тен 2013 және 2015 жылдары әлем біріншілігінің күміс және қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қоласын да иеленген болатын. 

Тұрсынбаева 22 наурыз күні Сайтамада өткен әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, әйелдер арасындағы сыннан жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде тарихта қалды. 

Соңғы жаңалықтар