Элис Уэллс: Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы өзгелерге үлгі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы өзгелерге үлгі болды. Бұл туралы бүгін Астанада АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан мен АҚШ арасында президент Барак Обама тұсында жақсы ынтымақтастық дамыды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің қарқынды дамуын қамтамасыз етіп, оның өңірдегі және әлемдегі беделін арттыра білді. Әсіресе, біз Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға үгіттеп отырған кезде, Қазақстан өзгелерге үлгі болды», - деді Элис Уэллс Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның кезектегі отырысының қорытындыларына арналған брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстан ядролық қарусыз-ақ көп нәрсеге қол жеткізіп, әлемдік аренада қарқынды дамуға болатынын көрсетті.

«Меніңше, Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығының арқасында қазақстандықтардың тұтас бір буыны «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқу мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл Қазақстан тарихының толық бір тарауы», - деді Элис Уэллс.






Авторы Камила Әмірова

Соңғы жаңалықтар