«Елің үшін самға!» балалар ән жинағы мектептерге тегін таратылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Елің үшін самға!» балалар ән жинағы Қазақстанның мектептеріне тегін таратылады. Бұл туралы Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» басқарма төрағасы Мұрат Исаханов айтты.

Жаңа ән жинағы І халықаралық «Bala Turkvizyon» байқауының ұлттық іріктеуі кезінде жасалды. Ән мәтіні мен музыкасын жас ақындар мен композиторлар жазған. Жинаққа 16 ән енген. Негізінен шығармалардың көпшілігі Отанға, туған елге, махаббат тақырыбына арналған. Музыкалық туынды 5 мың данамен шығарылды. «Біздің жобамыз әлеуметтік жоба болып табылады. Яғни, жинақтар сатылмайды. Ол еліміздің барлық мектептеріне таратылады. Егер біреулер оны ала алмай қалса, біздің қорға жүгінсе болады. Егер біздің дискіміз сатылса, өте қымбат тұрар еді. Өйткені, жас композиторларымыз бен ақындарымыздың еңбегі үлкен», - деді М.Исаханов. 6 желтоқсанда Студенттер сарайында қайырымдылық концертінде жинақтағы барлық әндердің тұсауы кесіледі.

Соңғы жаңалықтар