Елімнің өркендеуі үшін таңдау жасадым - көпбалалы ана Ж.Жармұхамедова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімнің өркендеуі үшін таңдау жасадым. Алматыдағы №412 учаскенің сайлаушысы Жармұхамедова Жұмагүл осындай ойымен бөлісті.

Көп балалы ана бүгінгі сайлаудың  ел тағдырында шешуші рөл атқаратын үлкен саяси-экономикалық реформаларға әсері молдығын жеткізді.

«Біз өзіміздің таңдаған үміткерлерге дауыс бердік. Бұл - Алматы қаласының әлеуметтік мәселелерін шешуде жақсы ой жеткізген, жақсы бастама көтерген азамат. Енді балаларымыздың бәрін үгіттеп жатырмыз, сайлауға келіңдер деп. Жұмыстан қолы босаған соң олар міндетті түрде келеді», - деді Жармұхамедова Жұмагүл.

Айта кету керек, аталған сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қатысу белсенділігі өте жоғары.

Сайлау учаскесінің төрағасы Қазыбаев Талғаттың айтуынша, таңғы 7-ден 12:30 ға дейін барлығы 2591 сайлаушының 632-сі өз таңдауын жасап кеткен.

Олардың ішінде жастар да, зейнеткерлер де бар.

18 жастағы Индира Темірханқызы бүгінгі сайлау процесіне үлкен жауапкершілікпен қатысып отырғанын жеткізді.

«Мен кәмелетке толған азамат ретінде өз азаматтық позициямды білдіргім келді. Әлбетте, біздің таңдауымыз көп нәрсені шешеді», - деді И.Темірханқызы.

Айта кету керек, Алматы қаласында барлығы 532 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Учаскелердің ашылуы сәтінде 1 млн 36 мың 637 сайлаушы тіркелген. Алматыдағы сайлаудың өту барысын 70 халықаралық бақылаушы қадағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар