Елімнің, балаларымның болашағы үшін дауыс бердім – Ольга Рыпакова

None
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада чемпионы, ел мақтанышы Ольга Рыпакова Қазақстанда өтіп жатқан барлық сайлаулар мен референдумдарға қатысып келеді. Осылайша ол өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуде. Спортшы бүгін өтіп жатқан Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауынан да шет қалған жоқ.

Ольга Рыпакова Өскемен қаласындағы №47 орта мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бұл менің ел азаматы ретіндегі міндетім. Елімнің, балаларымның болашағы үшін дауыс бердім. Балаларым өз Отанында өмір сүріп, осында оқып және жұмыс істейтін болады, - деді Олимпиада чемпионы.

Өз сөзінде ол бюллетеньнің көптігіне қарамастан, бәрі қарапайым және түсінікті болғанын, дауыс беру процесінде ешқандай қиындық туындамағанын жеткізді.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі сайлау учаскесінен фоторепортаж берген едік.


Соңғы жаңалықтар