Елімізге жеткізілген «Комирнати» вакцинасының 59 мыңға жуық дозасы Алматы қаласына бөлінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізге жеткізілген «Комирнати» вакцинасының 58 860 дозасы Алматы қаласының тұрғындары үшін бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, елімізге жеткізілген «Комирнати» вакцинасының 58 860 дозасы Алматы қаласының тұрғындары үшін бөлінген. Олар қала аумағына кіргізілген соң, амбулаториялық-емханалық желідегі медициналық ұйымдарға таратылады. Сондай-ақ КВИ-ға қарсы ревакцинация үшін қолжетімді болады.

«Коронавирустан қорғанудың тиімді және қауіпсіз жолы – вакцинация мен ревакцинация. Сондықтан ревакцинацияны кейінге қалдырмаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирустық инфекциядан және оның асқынуларынан алдын ала сақтаңыз»,- деп ескертті ведомствода.

Еске салайық, елімізге КВИ-ге қарсы «Комирнати» вакцинасының 500 мыңнан астам дозасы әкелінетіні туралы хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, Алматы халықаралық әуежайы 3 наурыз күні әуежайға Словакиядан КВИ-ге қарсы «Комирнати» вакцинасының 500 мыңнан астам дозасы жеткізілгені туралы әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар