Елімізге туризм жөніндегі министрлік керек - сарапшы

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаладағы туризмді дамыту орталығы қауымдастығының директоры Татьяна Верницкая еліміздің туризм саласында жаңа мүмкіндіктерге назар аудару керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі.

«Туризм саласын дамытып жатқан елдерді қарасақ, бұл мемлекеттердің барлығында туризм министрлігі бар. Әр әкімдікте туризм басқармасы болуы керек. Бұл тұрғыда осы салаға қатысты тиісті білімі бар адамдар жұмыс істеуі тиіс», - деді Т. Верницкая агенттік тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол Қазақстанда туризмді дамыту әлеуеті жоғары екенін айтты.

«Бізде Каспий теңізі, Балқаш бар. Елімізде туризмді дамытатын керемет өңірлер аз емес. Алайда, демалыс орындарында қойылған баға тым қымбат. Сондықтан, қонақүйлерге туристердің көптеп ағылуын қамтамасыз етуіміз керек. Біз адамдарды топтастырып жіберген кезде, қонақүй иелері үнемі бағаны төмендетуге келісетінін білеміз», - деді Т. Верницкая агенттік тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, еліміз өңірлеріндегі климатты ескере отырып, туризм саласындағы жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға болады.

«Бізде тек жаз айларында ғана демалуға болады деген пікір бар. Атап айтқанда, Бурабайға адамдар жазда барып, қыс кезінде туристер азайып кетеді. Онда қыста да демалыс күнін жақсы өткізуге болады. Астанада да дәл осындай жағдай», - деді сарапшы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Татьяна Верницкая Қазақстанға қай елдердің туристері көптеп келуі мүмкін екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар