Елімізге шет елдерден ПТР анықтамасынсыз 984 жолаушы ұшып келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға шет елдерден ПТР анықтамасынсыз 984 жолаушы ұшып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

7 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

4 334 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 350 адам, анықтамасыз 984 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 588 жолаушы, анықтамамен - 2 053, анықтамасыз - 535;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 153 жолаушы, анықтамамен - 704; анықтамасыз - 449;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 315 жолаушы анықтамамен келген;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 278 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырлы және карантин стационарында сынама нәтижесін күтуде.
2021 жылдың 6 наурызында шетелден анықтамасыз келген 307 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетті.


Соңғы жаңалықтар