Елімізге Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізге Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік Pfizer компаниясының Comirnaty вакцинасының 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Республикаға 379 мың доза көлемінде бірінші партиясы жеткізілді. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, жасөспірімдерді вакцинациялауға білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің ақпараттандырылған жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қалауы бойынша жасөспірімдер медициналық ұйымның егу пункттерінде егіле алады.

«Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін сақтау мен тасымалдаудың әртүрлі деңгейлерінде «суық тізбек» қамтамасыз етіледі. Comirnaty (Pfizer) вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, вакцинаны сақтау және тасымалдау ережелерін сақтау бойынша шаралар қабылданды. Облыстық қоймада вакцина 60-90 градус температурада сақталады. Вакцина 6 дозалы, әдеттегі тоңазытқыш жағдайында, яғни егу пункттерінде +2 - +8 температурада вакцинаны басқа инфекциялық ауруларға қарсы қолданылатын вакциналар сияқты 31 күн сақтауға болады», - деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, вакцина білім беру ұйымдарына 1 жұмыс күніне арналған шығынды ескере отырып, термоконтейнерлерде тасымалданады.

«Вакцинация бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен екі рет жүргізіледі», - деді ол.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес балаларды вакцинациялау әлемнің 30-дан астам елінде жүргізілуде, оның ішінде 15-тен астам елде балаларды вакцинациялау үшін Pfizer вакцинасы пайдаланылады. Негізінен вакцинация 12 жастан бастап жүргізіледі, алайда жекелеген елдерде 3 жастан бастап және 5 жастан бастап жүргізілуде. Бүгінгі күні әлемде коронавирус инфекциясына қарсы 60 миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер егілді,


Соңғы жаңалықтар