Елімізге көшіп келгендерден шетелге кеткендер 9 мыңға көп

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық статистика бюросы елімізге келіп-кетушілер жөнінде мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көші-қон органдары ұсынған мәліметке сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға 10 995 адам келді.

Ал елімізден 20 341 адам кетті, көші-қон айырымы – -9 346 адам.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтеді.

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санындағы үлесі - тиісінше 84,4% және 84,8%.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 0,7%-ға кеміді.

Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (27 741 адам), Астана (26 676 адам) және Шымкент (2 251 адам) қалаларында.


Соңғы жаңалықтар