Елімізге көлікпен бидай импорттауға тыйым салынбақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағына көлікпен бидай импорттауға шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға алты айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін», - делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.

Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің аумағынан көлікпен тыңайтқыштарды әкетуге жарты жылға тыйым салынуы ықтимал екенін хабарлап едік.

Бұған қоса, Қазақстан аумағынан ірі қара мен ұсақ малды (ұрғашы) әкетуге тыйым салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, ел аумағынан мұздатылған жайын мен көксерке балықтарын экспорттауға шектеу енгізілді.

1


Соңғы жаңалықтар