Елімізге бір тәулікте 3142 жолаушы ПТР анықтамамен ұшып келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 11 мамырда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 мамырда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Мальдив Республикасы, Украина, Грузия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 142 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 783 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 764 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 275 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 320 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар