Елімізге білікті кадрларды тартатын «Ашық Қазақстан 500+» тұжырымдамасы әзірленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Ашық Қазақстан 500+» атты көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздердің назарларыңызға «Ашық Қазақстан 500+» атты көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын ұсынып отырмыз. Бұл құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп, Экономикалық реформалар жөніндегі жоғары кеңесте мақұлданған», – деді министр ҚР көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын таныстыра келе.

Тамара Дүйсенованың атап өтуінше, тұжырымдама еліміздің экономикалық дамуын кадрлық жағынан қамтамасыз етуді көздейді.

«Оның аясында алдағы жұмыстың басты 3 блогы айқындалды. Атап айтқанда – елімізге білікті кадрлардың келуін ынталандыру, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығын қорғау және өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті жою. Сондай-ақ, елімізге ең тапшы мамандықтар бойынша 500 мықты маманды тарту үшін 7 бағытта жұмыс жүргізіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар