Еліміздің жас мәдениет қызметкерлері шағын футболдан жарысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жас мәдениет қайраткерлері арасында шағын футболдан ONER CUP республикалық турнирі өтті. Бірінші орынға Жезқазған құрамасы қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған турнир «Jas Otan» жастар қанаты және елімізге танымал шоумен Айбат Никулиннің қолдауымен өтті. Шара карантиндік шектеулерді ескере отырып, көрерменсіз ұйымдастырылды.

Жарысқа Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Павлодар, Екібастұз, Талдықорған, Қостанай, Алматы қалаларынан барлығы 16 команда қатысты.

Турнирде Жезқазған құрамасы көш бастады. Екінші орында – талдықорғандықтар, үшінші орында – балқаштықтар.

Сонымен қатар, «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік гол» номинацияларының жеңімпаздары анықталды. Олардың барлығы арнайы кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі турнирді жеңімпаздар қаласы – Жезқазғанда өткізу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар