Еліміздің үздік 20 мемлекеттік қызметшісі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» атағы үшін жарияланған республикалық конкурс дәстүрлі түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні болып жарияланды. Алғаш рет бұл конкурс былтыр өтті, оның жеңімпаздары Мемлекет басшысымен кездескен еді», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.

Оның айтуынша, биыл конкурсқа қатысушылар арасында тек қана саяси және әкімшілік қызметшілер ғана емес, әлеуеттік құрылымдардың қызметкерлері де бар. Конкурсқа деген қызығушылық артқан.

«454 өтініштің ішінде конкурсқа қатысуға 390 адам жіберілді. Солардың арасынан 50 және одан да жоғары ұпай жинаған 189 адам іріктелді. Қорытынды әңгімелесуге 52 үміткер өтті. Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 20 жеңімпаз анықталды», - деп хабарлады спикер. 

Конкурстың ең жас жеңімпазы 24, ал ең үлкені - 53 жаста.

Жеңімпаздардың есімдері 22 маусымда өтетін гала-концертте салтанатты түрде жария етіледі. 20 жеңімпаздың ішінде ерлер саны басым екендігі мәлім болды. 

Соңғы жаңалықтар