23:11, 16 Ақпан 2020 | GMT +6
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ауа райына байланысты үш өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
17-18 ақпанда Атырау облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
17 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады.
Сондай-ақ, Ақмола облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.