Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер 16 ақпан күні таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түсетінін болжап отыр. Оңтүстік-батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Сол күні Қостанай қаласында жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %.

16 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15 м/с дейін жетуі ықтимал.

Орал қаласында бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, түнде солтүстік-батыс, батыс жақтан 18 м/с дейін жел тұрады.

Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %.

16 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде15-20 м/с дейін жететіні болжанып отыр.

16 ақпан күні күндіз Петропавл қаласында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/сдейін жетуі ықтимал.

Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %.

Соңғы жаңалықтар