Еліміздің үш қаласында ерекше балаларға арналған орталықтар ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» қолдауымен еліміздің үш қаласында ерекше балаларға арналған орталықтар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Балаларды қорғау күніне орай, Атырау, Талдықорған және Өскемен қалаларында ерте араласу орталықтары ашылды. Оларда дамуында ақауы бар 3 жасқа дейінгі балаларға диагноз қойылып, емдеу-оңалту шаралары жасалады. Сонымен қатар, Талдықорған мен Өскеменде аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға арналған Оңалту орталықтары жұмыс жасауда.
Өскемендегі орталықтың ашылу рәсіміне «Самұрық-Қазына» Қорының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты. Қор басшысы өңірде «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылған екі оңалту орталығы жұмыс істеп жатқанын еске салды.
«Біз қай өңірде жұмыс істесек, сол аймаққа қол ұшын созамыз! Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз», – деп жазды Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар