Еліміздің түсті металлургия саласында оң қарқын бар - Бейбіт Атамқұлов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың қаңтар айында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Машина жасау саласында нақты көлем индексі 116,2 пайызды құрады. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер, машиналар мен жабдықтар өндірісі, өзге де көлік құралдарын, компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар жасау өсті», - деді министр.

Оның айтуынша, түсті металлургияда да оң динамика байқалды. Өсім 106,6 пайыз болды. Оған тазартылған алтын, тазартылған күміс, құйма алтын, түйіршік күміс, катодты мыстың және басқа да көрсеткіштердің өсімі есебінен қол жеткізілді.

«Қара металлургияда нақты көлем индексі 96,9 пайыз құрады. Тұтынушылар тапсырыстарының азаюына байланысты шойын өндірісі, рельстер, болат құбырлар, арматура прокаты төмендеді. Сонымен қатар, кәсіпорындармен бірлесіп экспорттық әлеуетті өнімді өткізудің баламалы нарықтарына қайта бөлу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді Б. Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар