Еліміздің түрмелерінде Моңғолияның 5 азаматы жазасын өтеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаровтың Моңғолияның Бас Прокурорының орынбасары Эрдэнэбат Ганбатпен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалаушы ведомстволардың басшылары трансұлттық қылмысқа, экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мәселелерін талқылады.

Екі елдің арасында жасалған қылмыстық істер бойынша экстрадициялау және құқықтық көмек туралы, сотталған адамдарды беру туралы екі жақты шарттар жеткілікті дәрежеде іске асырылып жатқаны атап өтілді.

Бүгінгі күні Қазақстанның түзеу мекемелерінде Моңғолияның 5 азаматы жазасын өтеуде.

«Ағымдағы жылдың 29 наурызында сотталғандарды беру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін, қылмысқа қарсы күрес саласында екі елдің арасында толық  халықаралық-құқықтық базаға қол жеткіздік», - деп атап өтті Қ.Қожамжаров.

Эрдэнэбат Ганбат сындарлы ынтымақтастыққа және құқықтық саладағы қатынастарды одан әрі кеңейту мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін Қайрат Қожамжаровқа алғысын білдірді.

Сонымен бірге қазақстандық әріптесіне өзара тиімді сұхбатты жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар