Еліміздің тұрғын үй қорының 98 пайызы жеке меншікте

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің тұрғын үй қоры 270 миллион шаршы метрді құрайды. Оның 260 миллион шаршы метрі немесе 98 пайызы жеке меншікте.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс істері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттіктің төрағасы Серік Нокин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, көп пәтерлі үйлерлердің аумағы, яғни, кондоминимум нысандарының үлесі 157 миллион шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 50 миллион шаршы метрден астамы немесе 32 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді, сондай-ақ 4 миллион шаршы метрі (2 пайызы) апаттық тұрғын үйлер санатында.

Соңғы жаңалықтар