Еліміздің тұрақтылығы үшін дауыс бердім - Еңбек Ері Құралай Байменова

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрайымы, Еңбек Ері Құралай Байменова тұрақтылық үшін дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін такси қызметі жұмыс істеп тұр. Алғашқылардың бірі болып Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрайымы, Еңбек Ері Құралай Байменова өз учаскесіне барып, дауыс берді.

«Мен тұрақтылық, бейбітшілік үшін дауыс бердім. Себебі мен балаларым мен немерелерімнің жайлы өміріне алаңдап, таңдау жасадым. Сайлауға қатысу, таңдау жасау осы үшін де маңызды. Әр кандидаттың бағдарламасымен танысып, өзіме жақынына дауыс бердім», - деді Еңбек Ері Құралай Байменова.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында 529 сайлау учаскесі бар. Ақтөбе аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, өңірде 568 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар