+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Еліміздің су айдындарынан 95,3 шақырым ау алынды

2019 жылғы 17 тамыз 17:09
Бөлісіңіз:
Еліміздің су айдындарынан 95,3 шақырым ау алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Қазақстанда кең ауқымды «Аулардан таза – су айдындары» атты экологиялық акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан қаласының әкімі шаһарды көгалдандыру жұмыстарымен танысты Маңғыстау облысының тұрғынынан 500 келідей бекіре тұқымдас балық тәркіленді Түркістанда қаланы көркейту, көгалдандыру жұмыстары қарқын алды

«Акцияға еліміздің әр өңірінен 5 100-ден аса мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, табиғат қолданушылардың, экологиялық ұйымдардың өкілдері мен еріктілер қатысты. Қатысушылар 79 су айдыны мен учаскелерден 95,3 шақырым синтетикалық тор мен жағалаулардан 121 тонна қоқыс жинады», - делінген аталған министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратта.

Комитет мәліметінше, 431 суда жүзгіш құралының көмегімен өзен мен көлдердің 61 685 гектар ауданы тазаланып, су түбіндегі ауларды жинау үшін сүңгуірлер жұмылдырылған.

Акцияның басты мақсаты – су айдындарын тасталған және заңсыз қойылған аулардан тазалап, қоғамның назарын өзен мен көлдердің ластану мәселесіне көңіл аударту, балық ресурстарын сақтау.

Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтауға арналған мұндай экологиялық шара әлі өз жалғасын табады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экология, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT