Еліміздің солтүстігінде күшті жел соғып, бұршақ жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің солтүстігіндегі бірқатар өңірінде жел күшейіп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

19 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Сол күні Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 5-20 м/с жетеді.

19 қыркүйекте күндіз Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с жетуі мүмкін.

19 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с болуы мүмкін, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал.

19 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан қатты болуы ықтимал.

19-20 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, бұршақ күтіледі. 19 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. 19 қыркүйекте күндіз, 20 қыркүйекте тәулік бойы желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

19-20 қыркүйекте Петропавл қаласында найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 19 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с, 19 қыркүйекте күндіз, 20 қыркүйекте тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.



Соңғы жаңалықтар