Еліміздің солтүстігінде қар жауады- Қазгидромет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -«Қазгидромет» РМК 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында жауын-шашын, көбінесе қар жауады. Кей жерлерінде тұман, жел күшеюі, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Кызылорда облысында жел күшейюі күтіледі түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, кей жерлерінде шаңды дауыл, танертең және күндіз дауыл күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола облсының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 25 м/с дейін жетіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, Жамбыл облыстарында танертең және күндіз, Алматы облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с соғады.

Жамбыл, Атырау облыстарында желдің екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар