+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Еліміздің оңтүстігінде мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілуде

2020 жылғы 2 шілде 18:48
Бөлісіңіз:
Еліміздің оңтүстігінде мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілуде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің оңтүстігінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында мерзімді әскери қызмет өткеру үшін азаматтарды шақыру басталды. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарында қабылданған 1 мыңнан астам жас еліміздің әр түкпірінде әскери міндетін орындайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ливандағы қазақстандық бітімгерлер Бейруттағы жарылыстан зардап шеккен жоқ

1 шілдеден бастап екі өңірдегі Қорғаныс департаменттеріне 18-27 жас аралығындағы бес мыңнан астам адамды шақыру жоспарланып отыр. Әскерге шақырылушылар мен лауазымды тұлғалар арасында коронавирус инфекцияcының таралуын алдын алу мақсатында, жинау пункттерінде профилактикалық шараларды күшейту қолға алынған. Медициналық бекеттер орналастырылып, онда облыстық медициналық комиссия құрамына инфекционист-дәрігерлер енгізілген. Сонымен қатар, салтанатты шығарып салу іс-шараларына да тыйым салынған. Жас жігіттер әскери бөлімдерге келгеннен кейін міндетті түрде оларды екі апталық карантинге оқшаулау жүргізіледі. Карантин кезінде медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерттеу де қарқын алады. Айта кетсек, Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан бүгінгі таңда 1600-ден астам азамат ҰҚК Шекара қызметі мен ІІМ Ұлттық гвардиясының бөлімшелерін толықтырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT