+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Еліміздің оңтүстігінде дизель отыны қымбаттады

2018 жылғы 24 шілде 11:18
Бөлісіңіз:
Еліміздің оңтүстігінде дизель отыны қымбаттады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында дизель отыны қымбат бағада сатылуда. Бұған дейін 176-178 теңгеден сатылған жанар-жағармайдың құны қазір 180-183 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баға әсіресе кішігірім жанар-жағармай бекеттерінде шарықтап тұр. Өңірдегі «Жанар-жағар май қауымдастығының» төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың айтуына қарағанда, бағаның күрт өсуіне егін науқанындағы сұраныстың артуы себеп болған.

Сондай-ақ бекеттерге бөлінетін дизель отынының көлемі де азайып отыр. Мәселен, аймақта жаздағы ауыл шаруашылығы жұмыстарына 24 мың 700 тонна дизель отыны бөлінген болса, әлі де сұйық отынға деген сұраныс жоғары болуда. Қосымша Ауыл шаруашылығы министрілгінің арнайы бағдарламасымен бөлінуі тиіс 13 мың тонна дизель отыны айдың соңына қарай жеткізіледі деп жоспарланған.

«Дизель отыны 4-5 теңгеге қымбаттаған. Себебі, қажеттілікті қамтамасыз ететін 10-12 мың тонна жетпей тұр. Енді жеткізіліп жатыр. Соңғы 4-5 күнде жетіп қалуы тиіс. Баға негізінен шағын бекеттерде қымбаттаған. Ал, ірі жанармай құю бекеттерінде баға сол күйінде тұр»,- дейді облыстық «Жанар-жағармай қауымдастығының» төрағасы Қайыпбек Қамбаров.

Сондықтан жергілікті шаруалар әлі де көтерілген бағамен алуға мәжбүр. Өйткені ауылдық жерлерде ірі компаниялардың бекеттері жоқтың қасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT