Еліміздің оңтүстігінде биыл су тапшылығы болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өзендердің көпшілігінде су аз болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Республиканың таулы аймақтарында қар қоры бойынша жағдай келесідей: Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасы аумағында қар қоры жылдық орташа мәндерден 26 пайыздан 49 пайызға дейін төмен. Ертіс өзенінің сол жақ саласында аталған көрсеткіш орташа көпжылдық мәндердің шегінде», - деді ол.
Оның дерегінше, Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында қар қоры орташа көпжылдық мәндерден 40 пайыздан 82 пайызға дейін, ал Алматы облысының тауларында 25 пайыздан 56 пайызға дейін аз.
«Сонымен қатар, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан аумағында қар қоры орташа көпжылдық мәндерден 30 пайыздан 60 пайызға дейін аз екенін айта кету керек. Бұл дегеніміз, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өзендердің көпшілігінде биылғы жылы су аз болады деп болжанады», - деді министр.
- Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны белгілі болды
- ШҚО: 8 наурызда 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі
- ШҚО-да үш күнде 146 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді
- Павлодар тұрғыны: Ұлтымыз орыс болғанымен отбасымыздағы 5 қыз қазақшаға судай
-
2025 жылға дейін 80 мың қандастың Қазақстанға оралуына жәрдемдесу жоспарланған
-
«Аdaldyq alańy»: жобадан - жалпыұлттық қозғалысқа
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам